Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Заңсыз ұтыс ұйымдастырғандар 40 млн теңге айыппұл төледі

Қоғам
Заңсыз ұтыс ұйымдастырғандар 40 млн теңге айыппұл төледі
Фото: gov.kz

Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.

Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан Комитетке келіп түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған.

Хаттамамен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, сот тәртібімен қаралады.

Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-бөліктеріне сәйкес, лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге) 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК болып белгіленеді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу