Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай Ресейден мұнай импортын азайтты

Әлем
Қытай Ресейден мұнай импортын азайтты
Фото: Dan Sandoval/China Media Development/FACTSTORY

Бұл АҚШ қазан айының соңында «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына санкция енгізгеннен кейін болды, деп хабарлайды Malim.kz Bloomberg-ге сілтеме жасап.

Норвегиялық Rystad Energy консалтинг компаниясының бағалауынша, Қытай тәулігіне 400 мың баррель ресейлік мұнай сатып алудан бас тартқан. Бұл – Қытайға жеткізілетін ресейлік мұнай көлемінің шамамен 45 пайызы.

Ресейден отын жеткізуді Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай компаниялары – Sinopec пен PetroChina, сондай-ақ шағын жекеменшік кәсіпорындар да тоқтатты. Олардың шешіміне Ұлыбритания мен ЕО-ның Қытайдың Shandong Yulong Petrochemical компаниясына қарсы санкциялары әсер еткен. Енді бұл компания тек ресейлік отынды ғана сатып ала алады, себебі батыс жеткізушілерімен жұмыс істеу мүмкін емес.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу