Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаңғыбас мысық тістеп алған маңғыстаулық тұрғын көз жұмды

Оқиға
Қаңғыбас мысық тістеп алған маңғыстаулық тұрғын көз жұмды
depositphotos.com

Қаңғыбас мысық тістеп алған Маңғыстау облысының тұрғыны құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, мысық тістеп алғаннан кейін ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген, соның салдарынан ауру өліммен аяқталған.

Осы жылдың тоғыз айында Маңғыстау облысында жануарлардың тістеуі мен тырнауынан 1 351 адам зардап шеккен.

“Иттердің тістеуінен 823 адам, мысықтардың тістеуінен 461 адам, ал басқа жануарлардан (жылқылар, тышқандар, түлкілер) – 67 адам зардап шекті. Жануарлардың шабуылдарының көпшілігі иттерге – 64,7%, мысықтарға – 34,1 % тиесілі”, – деді Маңғыстау облысының аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы Жарас Белгібаев.

Мамандар кез келген ит, мысық немесе басқа жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің түсуі жағдайына дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін және медициналық мекемеде тағайындалған антирабиялық екпелерді толық алу керегін қатаң ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу