Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4-6 қарашада ауа райы күрт бұзылады

Экология
4-6 қарашада ауа райы күрт бұзылады
Фото: pixabay.com

Ел аумағында алдағы үш күнде (4-6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Атланттан келетін циклонның ықпалында болады. Ол қар жаууына, желдің күшеюіне және көктайғақтың түзілуіне себеп болады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде боран күтіледі. Тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырдың қарға ұласуы және кей жерлерде қардың қалың түсуі мүмкін.

Ауа температурасы да күрт төмендейді:

  • Солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз -2...-10°C дейін суытады;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2...+7°C шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу