Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақтан етеміз! Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

Білім-ғылым
Мақтан етеміз! Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен әлемдік робототехника чемпионатында төртінші мәрте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Қазақстан – робототехникадан төрт дүркін әлем чемпионы! FIRST Global Challenge 2025 жеңімпазы – біздің оқушыларымыз!" – деп жазды Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл жеңіс – оқушылардың, ұстаздардың, тәлімгерлер мен ата-аналардың тынымсыз еңбегінің жемісі.

"Бұл – біздің төртінші чемпиондығымыз. Бұған дейін Женева, Сингапур және Афинада жеңіске жеткенбіз. Мұндай жетістік қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында келді. Министрлікте жұмыс істеген жылдары робототехника кабинеттерін ашып, хакатондар мен түрлі жарыстар өткіздік, IT-лицейлер құрдық. Қазір бұл бағыт жақсы жалғасып келеді. Ерекше алғыс – USTEM Foundation жетекшісі Асылбек Мурзахметовке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық білім беруге ерекше мән беріп отыр. Мектептерде бағдарламалау, 3D модельдеу секілді бағыттардың дамуына үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл жеңіс – біздің еліміздегі білім мен технологияның болашағының жарқын екенінің дәлелі. Балаларымызды мақтан етеміз! Алға, Қазақстан!", – деді депутат.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу