Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр

Мадина Қайнарова

  • 12.09.2024

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде 7-сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіліп, салдарынан ол жүкті болып қалды деген ақпарат таралды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты толық мәлімет бере алмады, бірақ оқушының жүктілігі туралы ақпаратты растады. Бұл туралы ZTB News хабарлайды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен де, күдікті де кәмелет жасқа толмағандықтан, өзге ақпарат жария етілмейді.

Білім басқармасы берген мәлімет бойынша, оқушының жүктілігі туралы оның анасы шілде айында білген. Осы оқу жылында қыз қашықтан оқуға ауыстырылды.

- Жасөспіріммен аптасына екі рет педагог-психологтар жұмыс істейді. Сынып жетекшісі де үнемі байланыста. Жағдай тұрақты – дейді басқарма өкілдері.

Бұл оқиға қалалық комиссияның отырысында да талқыланып, оқушының анасына ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл салынды.

Фото: ktk.kz

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ташкентте 10-сынып оқушысына сезімін білдірген 61 жастағы мұғалім сотталды

04.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025
MalimBlocks