457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

20 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы 20 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Дегенмен, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жекелеген өңірлерде түнгі уақытта қатты жаңбыр болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Температуралық жағдай айтарлықтай жоғары болады.

Маңғыстау облысында күндізгі ауа температурасы +38…+42°С дейін жетеді.

Атырау облысында +39°С дейін ысиды.

Батыс Қазақстанда +37°С дейін көтеріледі.

Жетісу мен Алматы облыстарында +35…+38°С.

Абай облысының оңтүстігінде +35°С,

Түркістан облысының оңтүстігінде +42°С дейін ыстық болады.

Фото: freepik.com