457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

29 қазанға арналған ауа райы болжамын жарияланды

Қазақстанда алдағы сәрсенбіде, 2025 жылы 29 қазанда жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын, сондай-ақ тұман болып, жел екпін алады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оған сәйкес, антициклон әсерінен Қазақстанның тек солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстанның қалған аумағында солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалымен жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр құяды, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады деп күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Фото: freepik