457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

23–25 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары үш ірі қалаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана бойынша ауа райы:

23 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. Найзағай, бұршақ, екпінді жел болжануда. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, кейде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +15…+17°, күндіз +19…+21°.

24 маусымда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°.

25 маусымда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Түнде +13…+15°, күндіз +22…+24°.

Алматы қаласы бойынша:

23 маусымда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз +32…+34°.

24 маусымда бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.

25 маусымда да жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз +34…+36°.

Шымкент қаласы бойынша:

23 маусымда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз +35…+37°.

24 маусымда жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз +37…+39°.

25 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +22…+24°, күндіз +36…+38°.
Фото: freepik.com