457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

8 наурыздағы ауа райы: жаңбыр, қар және көктайғақ

Синоптиктердің болжауынша, 8 наурызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысында жауын-шашын жауып, арты қарға уласуы ықтимал. салдарынан жолдар көктайғақ болып, айналаны тұман басады. Жел екпіні15-20 м/с-ке дейін жетеді. Осындай ауа райы Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігіндеде болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын емес, қар жауады.  Абай облысында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласып, жер көктайғақ болуы мүмкін. Ұлытау облысында осындай ауа райы күтілуде. 

Қарағанды облысы мен Астанада да күндіз жауын-шашын жауып, қарға ұласады. Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын жауады. 

Түркістан облысы мен Шымкентте жауын-шашын жауғаны болмаса, қарға ұласпайды. Ақмола облысы,  Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысында  жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады.

Фото: pixabay.com