Абай облысындағы кенттерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды

Арман Қайыпхан

  • 02.05.2025

Бүгін Семей қаласының Бобровка және Мұрат тұрғын үй алаптары, Водный және Шығыс кенттерінің ортасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Спорт нысандары құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Берікбол Жұманбеков қатысты.

Халық тығыз қоныстанған бұл шағын аудандарда заманауи спорттық және әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Бобровка мен Мұрат тұрғын үй алаптарында 10, Водный және Шығыс кенттерінде 25 мыңға тарта халық тұрады. Екі елді мекеннің оқушылары қаланың басқа аумақтарына барып, спортпен айналысуға мәжбүр.

Заман талабына сай жабдықталатын спорт кешендерінде футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, бокс және басқа да спорт түрлеріне арналған әмбебап залдар салынады. Спорт нысандарының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Құрылыстың басталуына орай сөз сөйлеген аймақ басшысы Семей қаласының шеткері аудандары әрдайым назарда болатынын атап өтті.

«Бұл төрт елді мекен қаланың шеткері аумақтарында, батысы мен шығысында орналасқан. Көп жыл бойы назардан тыс қалған.  Тұрғындар бұл күнді ұзақ күтті. Біз бүгін екі бірдей спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын бастап жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында өңірімізде жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл жерден мықты спортшылар, болашақ Барыстар шығатынына кәміл сенемін. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын жеке бақылауымда ұстаймын. Қаланың бұл шағын аудандарында алдағы уақытта әлеуметтік нысандарды салатын боламыз» деді облыс әкімі.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды

02.05.2025

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

02.05.2025

«25 жерден тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай елді шошытты

02.05.2025
MalimBlocks
Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

«25 жерден тістеген»: Шиелі балабақшасындағы жағдай елді шошытты