457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңбыр тоқтап, қайта ыстық болады: Ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, оңтүстік астанада бейсенбіде жауын-шашын күтілмейді. Ал елордада екі күн қатарынан жаңбыр жауады, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

7 тамыз: бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

8 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

9 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

7 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

8 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – шығыстан, 3–8 м/с. Температура түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

9 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Температура түнде +16…+18°C, күндіз +32…+34°C.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

7–8 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +36…+38°C.

9 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, 8–13 м/с. Температура түнде +20…+22°C, күндіз +37…+39°C.

Фото: freepik.com