Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Сұлу Бөлек

  • 08.05.2025

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 
Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, "Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін "Халық қаһарманы" атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен марапатталды.
Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов Польша мен Чехословакиядағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі "Ұлы Отан соғысы", "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен марапатталған.

Аймақ басшысы қос ардагерді мерекемен құттықтап, Президенттің жолдаған құттықтауын оқып берді. Мерейтойлық медаль, 5 миллион теңгенің сертификаты мен облыс әкімдігінің арнайы сыйлығын табыс етті.

"Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығының нышанына айналған қастерлі мереке. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне әрдайым ерекше құрметпен қарайды. Сіздердің Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен жанқиярлық ерліктеріңіз ұрпаққа үлгі бола береді. Арамызда аман-есен жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз", - деді аймақ басшысы.

Ерекше атап өтерлігі, соғыс ардагерлерінің үйінің ауласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарының әндерін шырқады.

Қазір Абай облысында үш соғыс ардагері, 1700-ге жуық тыл еңбеккері бар.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Канцлері болып сайлануымен құттықтады

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

02.05.2025

Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

02.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Канцлері болып сайлануымен құттықтады

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады