"Әкіммен дос болып, бизнесменмен қажылыққа барады" - дінтанушы имамдар туралы

Танымал дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы Журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында қазіргі имамдардың шалқып өмір сүруіне қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Оның айуынша, имам қолындағысын таратуы керек.
"Имам деген өзін дін жолына атаған адам деп қарасақ бұның ол нәрселерге ден қоюы орынды саналмайды. Қазақтың дін тарихында ағартушы, ишандарға халық көмектесетін. Олар оны тарататын. Имамның өзінде болса да ол оны таратады. Себебі ол құдай жолында келген нәрсе. Бірақ біздің имамдар қазір имам болғаннан кейін әртүрлі мықты адамдармен байланыс орнатады. Бірі министрдің үйіне барып құран оқиды. Бірі әкіммен дос болады. Болмаса бизнесмен қажылыққа алып барады. Оның пейілі түседі адамға. Мен үшін дұға қыл көмектесемін дейді. Немесе жер беремін көмектесемін деуі мүмкін. Имамның дүниеқоңыздығы оянады”- дейді Кеңшілік Тышқанұлы.
Кеңшілік Тышқанұлы имамның жүрегінде дүние болмауы керегін айтты.
"Имамдар кедей болуы керек демеймін. Бірақ имамдар байлыққа қарай ұмтылатын болса, бұл басқа да имам боламын дегендерге стимул шығар. Бірақ онда біздің діни руханиятымызға кішкене нұқсан келеді. Өйткені адамның жүрегінде дүние болмауы керек. Жүрегінде дүние болса құдай болмайды", - дейді ол.
Кеңшілік Тышқанұлы туралы не белгілі?
- 1991 жылы дін жолына бет бұра бастадым. Алдымен ауыл молдаларынан хат
танып, діни сауатымды аштым. Торғайдағы Осман Қожа атындағы медреседе
білім алдым. Тоқсаныншы жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет
Ислам мәдениеті университетінде оқыдым. Түркия Республикасындағы Селжүк
университетінің төрт жылдық теология факультетінде (илаһиат) білім
жетілдірдім. Қазақстанға келген соң, кандидаттық диссертация қорғадым.
Жиырма жылдан астам уақыт еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында дінтану
пәні бойынша дәріс оқып келемін. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде дінтану кафедрасын басқардым. Қазіргі уақытта аталған
кафедрада доцент қызметін атқарамын. Франция мен Катар мемлекеттерінде
ғылыми тағылымдамадан өттім. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
Дін істері комитеті жүргізетін мониторингтік зерттеулерге қатысамын, діни
ахуалға байланысты сараптама жасаймын. Республикалық ақпараттық-түсіндіру
тобына енгендіктен, жат ағымға еріп кеткен азаматтарды оңалту,
дерадикализациялау, қоғамға бейімдеу шараларына атсалысып жүрмін.
Фото: Видеодан алынған кадр

Самое читаемое
