"Алаяқтыққа жол берілмейді". Тоқаев бюджет қаржысы қайда жұмсалатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде екенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.
Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс, - деді Президент.
Фото: halyq-uni.kz