457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлеуметтік сауалнама: қазақcтандықтар Тоқаевқа сене ме?

Қазақстанда бір ай бойы жүргізілген ауқымды әлеуметтік сауалнамаға 8 мың респондент қатысты, деп хабарлайды Malim.kz Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына (ҚСЗИ) сілтеме жасап.

ҚСЗИ ресми сайтында 11 шілде мен 12 тамыз аралығында өткен сауалнама нәтижелері жарияланды. Оған 18 жастан асқан азаматтар – 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысқан.

«Әлеуметтік өлшемнің деректеріне сәйкес, респонденттердің арасында президент институтына деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі байқалады. Мемлекет басшысы рейтингте әрдайым көш бастап келеді – қазақстандықтардың 82,4%-ы президент Тоқаевқа сенім білдіреді», – делінген институт хабарламасында.

Ең жоғары сенім жастарда (18-29 жас) – 90,3%. Одан кейін 30-45 жас аралығындағы топ (82,4%), 46-60 жас аралығы (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) келеді.

Сауалнамаға сәйкес, ауыл тұрғындары (84,9%) қала тұрғындарына қарағанда (80,9%) сәл көбірек сенім білдіреді.

Сондай-ақ, табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу жағдайына қарамастан, президентке сенім көрсеткіші бір деңгейде сақталған.

Салалар бойынша алғанда, Тоқаевқа ең көп сенім білдіретіндер – білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), медицина қызметкерлері (84,5%), мемлекеттік қызметкерлер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылығы саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Еске салсақ, биыл мамыр айында жарияланған әлеуметтік сауалнамада қазақстандықтардың 73,3%-ы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтқан, ал 76,4%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына сенім білдірген еді.

Фото: Ақорда