457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда "Медеу" спорт кешеніндегі тікұшақ демалушыларды шошытты

Алматыдағы "Медеу" спорт кешенінің аумағында "Қазавиақұтқару" тікұшағының көтерілу сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кадрларда тікұшақтың бірден көтеріле алмай, бірнеше рет қауіпті түрде еңкейіп, ағаштардың бұтақтарын жанап өткені байқалады.

"Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бұл жоспарлы ұшу болған және ол алдын ала берілген өтінім негізінде ресми алаңнан жүзеге асқан.

«Бортты көп жылдық тәжірибесі бар, ұшу сағаты жеткілікті білікті ұшқыш басқарды. Ұшар алдында бортмеханик азаматтарды қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырды», – деп хабарлады мамандар.

Оқиға кезінде ешкім зардап шекпегенімен, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі тағы бір мәрте еске салынды.

Фото: видеодан скрин