Алматыға жаңа әкім тағайындалды

Арман Қайыпхан

  • 24.05.2025

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласы әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің бюджет және қаржы департаменттері директорының орынбасары, ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.

2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.

2011-2013 жылдары премьер-министр кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі.

2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

2025 жылдың 6 қаңтарынан президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болды.

Байланысты жаналықтар

Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

25.05.2025

Елімізде тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

25.05.2025

Астанада жасырын ет цехы анықталды

24.05.2025

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

24.05.2025

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

24.05.2025

Болашақ жастардың қолында: Ақтөбе өңірінде «Жасыл ел» еңбек жасағының XXI маусымына 3200 жас үлес қосады

24.05.2025
MalimBlocks
Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

Елімізде тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

Астанада жасырын ет цехы анықталды

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Болашақ жастардың қолында: Ақтөбе өңірінде «Жасыл ел» еңбек жасағының XXI маусымына 3200 жас үлес қосады