457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Барлық өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Қазақстанның дерлік барлық өңірлерінде сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

«26 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында өрт қаупі жоғары болады», – делінген хабарламада.

Ұлытау облысында 26 тамыз күні күндіз +35 қатты ыстық күтіледі. Шығысында өрт қаупі сақталады, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Ақтауда 26 тамызда өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында 26 тамыз таңертең және күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел таңертең және күндіз шығысы мен орталығында 15–20 м/с болады. Қызылорда қаласында 26 тамыз күні күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында 26 тамыз күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстігінде +36 қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында өрт қаупі жоғары болады.

Ақтөбе облысында 26 тамыз күндіз оңтүстігі мен шығысында +37 қатты ыстық күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, орталығы мен шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Батыс Қазақстан облысында 26 тамыз шығысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары сақталады, батысында төтенше өрт қаупі болады. Орал қаласында 26 тамыз түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысында 26 тамыз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз +35+37 қатты ыстық болады. Батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, орталығы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында 26 тамыз найзағай күтіледі. Күндіз +35+36 қатты ыстық болады. Өрт қаупі жоғары сақталады.

Абай облысында 26 тамыз батысы, оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Жамбыл облысында 26 тамыз солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 26 тамыз солтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында 26 тамыз түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында 26 тамыз түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады.

Фото: freepik.com