Ақмола облысында бірқатар күрежол жабылды

Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, мұның себебі ауа-райының қолайсыздығы, атап айтқанда, қардың түсуі және температураның төмендеуінен болып отыр.
Автожолдар Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы аумақтарда жабылды:
«Екатеринбург – Алматы»: 1080-1140 шақырым аралығы (Колутон станциясы – Новочеркасское ауылы);
«Егіндікөл – Жолан»: 0-61,3 шақырым аралығы;
«Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке»: 43-119,2 шақырым аралығы;
«Жалтыр – Макинск»: 0-38 шақырым аралығы;
«Новочеркасское – Егіндікөл – Жантеке»: 0-43 шақырым аралығы;
«Новочеркасское – Егіндікөл – Қайнар»: 0-52 шақырым аралығы.
Фото: ТМЖ (бейнежазбадан скриншот)

Самое читаемое
