АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі иммиграциялық заңнаманы бұзып жүрген отандастарды ерікті түрде елге қайтатын бағдарламаға қатысуға шақырды, - деп хабарлайды Malim.kz.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) іске қосқан жаңа бағдарлама шетел азаматтарына өз еркімен елден шығуға мүмкіндік береді. Бұл бастамаға қатысқандардың қайтар жол билеті ақылы, ал елге оралғаннан кейін 1000 АҚШ доллары көлемінде бір реттік көмек беріледі.
Қатысу үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.
"Ерікті түрде шығу – қамауға алынудан және басқа да ауыр салдарлардан құтылудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы", - деді министр Кристи Ноэм.
Қазақстан елшілігі АҚШ-та заңсыз жүрген азаматтарды бағдарламаны мұқият қарап, болашақта елге кіру құқығын сақтап қалу үшін осы мүмкіндікті пайдалануға кеңес беріп отыр.
Фото: Gov.kz