457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда психотроптық заттарды жарнамалаған 5 адам сотталды

Ақтауда психотроптық заттарды заңсыз жарнамалаған топ мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылып, нақты мерзімге сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтау қалалық сотының үкімімен бес адам, оның ішінде екі әйел ҚР ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігі бойынша психотроптық заттарды жарнамалағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Сотталғандар Telegram мессенджеріндегі есірткі тарататын арналардың сілтемелерін аэрозоль бояуы және парақшалар арқылы ғимараттар мен тұрғын үйлерге заңсыз жазып, жарнамалаған.

Полиция қызметкерлері оларды жарнама салып жүрген кезінде ұстаған. Жеке тінту кезінде екі адамнан мефедрон психотроптық заты тәркіленіп, бұл әрекет ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс көздерінен бас тартуға, заңсыз әрекеттерге қатыспауға және құқықбұзушылық туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды.

Фото: freepik.com