457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда жол қозғалысын реттемек болған курьер айыппұл арқалады

Ақтау қаласында жеткізу қызметінің курьері жол қозғалысын өз бетімен «реттегені» үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 30-шы, 31-ші және 34-ші шағынаудандардың арасындағы жолда болған.

Курьер қолына фирмалық жеткізу сөмкесін және сары түсті әуе шарын ұстап, жолға шығып, көлік ағынын «реттей» бастаған.

Курьердің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарап, желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды: кейбірі таңғалып жатса, енді бірі бұл жағдайға әзілмен қараған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау арқылы азаматты жедел анықтады.

«Аталған құқық бұзушылық үшін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақтау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды», – деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы.

Фото: видеодан кадр