Ақтөбе облысында жол апатынан 8 Өзбекстан азаматы қайтыс болды

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 сәуір күні Шымкент-Самара тас жолында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Халықаралық тасжолдың Маржанбұлақ ауылы жанында Volvo жүк көлігі мен Toyota Аlhpard минивені соқтығысқан. Соның салдарынан минивендегі 8 Өзбекстан азаматы мерт болған. 
Полиция мәліметінше, жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, минивен келе жатқан қарсы бағытқа шығып кеткен. 
2018-жылдың 18-қаңтарында Ақтөбе облысындағы Шымкент-Самара тасжолында Икарус автобусы өртеніп, салдарынан 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан еді. Олар Ресейге жұмыс істеуге бара жатқан. 
Ақтөбе полициясының дерегінше, соңғы екі айда аймақта 69 жол апаты болған. 18 адам қаза тауып, 91 адам түрлі жарақат алған.

Фото: Интернеттен

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.