457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 5-қабаттың терезесіне шыққан қыз секіремін деп жұртты дүрліктірді

Бүгін елордадағы Сарыарқа ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы терезе алдына шыққан қыз секіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Алайда жедел жеткен құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында оқиға сәтті шешілді.

Құтқарушылар Жасұлан Жакенов пен Қадыр Өмірзақов арнайы АКП-54 автокөтергіш техникасын пайдаланып, қыздың секіруіне жол бермеді.

Құтқарылған азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, «103» жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Мамандар мұндай жағдайда дер кезінде хабар беру мен құтқарушылардың жедел қимылы шешуші рөл атқаратынын ескертеді.

Фото: ТЖМ