457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты

Астанадағы «Абырой» тұрғын үй кешені құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпаратты BI Group компаниясының баспасөз қызметі растады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, кран қатты жел салдарынан құлаған.

Компания өкілдері краның техникалық тұрғыдан жарамды болғанын және жұмыс күні басталар алдында барлық қажетті тексеруден өткенін айтты. Оқиға кезінде краншы ауысым соңындағы жұмыстарды аяқтап жатқан.

"Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Қайтыс болған азамат – мердігер ұйым қызметкері. Қаза тапқан адамның туыстарына терең көңіл айтамыз", – делінген BI Group хабарламасында.

Сонымен қатар, дабылды ескерту апаттан кейін ғана келгені атап өтілді. Қазір оқиға орнында жедел қызметтер мен салалық мамандар жұмыс істеуде. Компания қаза тапқан адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін және тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Құлаған кран кабинасында болған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір барлық мән-жай анықталып, тергеу жүргізілуде", – делінген ПД хабарламасында.

Фото: https://www.instagram.com/astana_pokazhet_/