457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана сот орындаушылары өндіріп алынған ақшаны құмар ойындарға жұмсаған

Астана прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының азаматтар мен ұйымдардың қаражатын жымқырып, оны құмар ойындарға жұмсағанын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала прокуратурасы әкімшілік айыппұлдарды өтеуге арналған ақшалай қаражатты екі жеке сот орындаушысының иемдену фактілерін анықтады. Екі жыл бойы олар сот актілерін орындап, мемлекеттік қазынаны толықтырудың орнына өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, азаматтардан түскен ақшаны иемденіп, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға жұмсаған», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, дәл осылай жеке және заңды тұлғалардың да қаражаттары қолды болған.

«Жалпы залал көлемі 26 млн теңгеден асты. Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, кейін залал толық өтелді. Тергеу қорытындысы бойынша уәкілетті орган оларды лицензиясынан айыру шараларын қабылдайды. Ал мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қарыз сомаларын тікелей өндіріп алушыларға аудару мен атқарушылық санкцияны есептеу ісінде жасанды интеллектті пайдалану ұсынылды», – делінген хабарламада.

Фото: pixabay.com