Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртенді, деп хабарлайды Malim.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, жалпы өрт алаңы 280 гектарды құрап отыр, оның 250 гектары сөндірілген. Қазіргі уақытта өрттің шамамен 30 гектар жері әлі де жанып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен өртті сөндіру және жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Қауіп елді мекендерге төнген жоқ. Өртті ауыздықтауға ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы тартылып, 10 рет әуеден 30 тонна су төгілді.
Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД мен «Ақжайық» резерватының жеке құрамынан 110 адам, 26 техника және ТЖМ әуе техникасы жұмылдырылды. Батпақты жер мен биік қамыс өрт сөндіруді қиындатып отыр. Қазір оқиға орнында арнайы штаб құрылып, ахуал ТЖМ бақылауында.
Фото: ТЖМ

Самое читаемое
