Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

Сұлу Бөлек

  • 20.05.2025

Қазақстанда 2029 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысында демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін атап өтті.

Бұл құжатта 7 бағыт бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

Ішкі туризмді насихаттау мақсатында балалар авиабилеттерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шарасы Kids go Free қолданылады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 5,6 мыңнан астам бала тегін әуе сапарларының мүмкіндігін пайдаланды.

Министрлік кәмелетке толмаған жолаушыларды алып жүруге құқығы бар тұлғалардың тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл тізімдегі қатысушыларды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Биыл осы бағдарлама аясында 3 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

Жергілікті атқарушы органдармен және турбизнес субъектілерімен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында ішкі туризмді насихаттау және дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

"Мысалы, Астана әкімдігі жыл сайын әр өңірден жиналған 1000-ға жуық баланы қамти отырып "Астана – Отанымның Елордасы" әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Тур бағдарламасына тұру, тамақтану, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру кіреді. Туристік қоғамдастықпен бірлесіп арнайы туристік маршруттар әзірленді. Ол мәдениет, тарих және дәстүрмен танысуға, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған", — деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

29.04.2025

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

18.04.2025

Астанада Диснейленд салынбайтын болды

08.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

Атақты "Бозжыра" шатқалында визит орталығы салынатын болды

Астанада Диснейленд салынбайтын болды