457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үржардағы жол апаты: Балалардың жағдайы ауыр

Абай облысында көлік соққысынан ауыр жарақат алған балалар арнайы санитарлық авиация бортымен Астанаға жеткізілді. Елордалық дәрігерлер олардың қазіргі жағдайына қатысты мәлімет берді, деп жазады Malim.kz.

Ведомство дерегінше, екі бала санитарлық авиация желісі арқылы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір олар жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

«Науқастардың жағдайы ауыр. Бірнеше жерінен жарақат алып, сүйектері сынған. Сондай-ақ травматикалық шок алған. Балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер мен ем-шаралар жүргізілуде», – делінген басқарма хабарламасында.

Дәрігерлер олардың жағдайы толық бақылауда екенін атап өтті.

Айта кетейік, 19 тамыз күні Үржар ауданында көлік қағып кеткен үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жараланған болатын. Балалар ата-әжесіне қыдырып барған. Жараланғандардың екеуі кейін санавиациямен Астанаға жеткізілді.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі