457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстады деген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстады деген күдікке ілінген адам ұсталды. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, бұл істі ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Ішкі істер министрі істі жеке бақылауына алды», – деді Әлекешев жұма күні.

ІІМ өкілдері балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын атап өтті.

 

Еске салсақ, Жамбыл облысында кәмелетке толмаған екі бала өздерін бес жыл бойы құлдықта ұстағанын, сабап, мал бақтыруға мәжбүрлегенін айтқан еді.

Фото: ІІМ