Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Президент Тоқаев биыл ұлттық құрылтай отырысында ұлттық киімді жан-жақты дәріптеу туралы айтып, бет-жүзді тұмшалайтын қара киімге қатысты ойын ортаға салған болатын.
Осы орайда Kazinform агенттігі Мәдениет және ақпарат министрлігіне бет-жүзін тұмшалап қара киінген азаматтардың есебі жүргізіле ме? Оларға шектеу қойылуы мүмкін бе? деген сауал жолдаған.
Министрлік бет-жүзін тұмшалап қара киім киетін адамдардың тізімінің есебін жүргізбейтініне назар аударамыз. Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бет-әлпетті толығымен жауып тұратын діни киімдерге тыйым салуға қатысты пікір білдіргені белгілі. Бұдан басқа, тиісті заңнаманы жетілдіру барысында сіздің тарапыңыздан қойылған сұрақтар ескерілетінін атап өтеміз, — деген министрліктен ресми сауалға жауап алдық.
Еске сала кетсек, елімізде соңғы жылдары хиджаб мәселесі жиі талқыланып жүр. Сенат пен Мәжіліс депутаттары да елімізде деструктивті діни ағымдар қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.
Фото: seanwang / istock