457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін ауа райы қалай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы республиканың бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің деректерінше, Астанада 4 шілде күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Күндіз 35 градус ыстық болады.

4 шілдеде түнде Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілде күні түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

4 шілдеде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталды.

4 шілде күні Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 41-44 градус ыстық күтіледі.

4 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Абай облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. Күндіз 35-39 градус ыстық.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

4 шілдеде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

4 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20. Күндіз 35 градус ыстық. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус ыстық.

4 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Фото: unsplash