Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Сұлу Бөлек

  • 11.05.2025

Мамырдың екінші жексенбісінде Қазақстанда Аналар күні атап өтіледі, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Үкіметтің 2023 жылы қол қойған қаулысына сәйкес, бұл мерекені тойлау күні қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылған.

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын және тәрбиені нығайту мақсатында көптеген елде тойланатын Ана күні мен Әке күні біздің елде де ресми мереке ретінде бекітілді", – делінген Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы хабарламасында.

Сол мәлімдемеде Әкелер күні елімізде маусымның үшінші жексенбісінде тойланатыны айтылған.

"Ана махаббаты – өмір бойғы қуаттың, қолдаудың және шабыттың көзі. Сіздердің арқаларыңызда бұл әлем мейірімге, жан жылуына толы бола түседі. Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, қуаныш, отбасылық бақыт пен жан тыныштығын тілеймін. Балаларыңыз жетістіктерімен қуантып, әрбір шаңырақта татулық пен махаббат орнасын", – деп құттықтады Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

13 мамырға арналған валюта бағамы

13.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

8 мамырдағы теңге бағамы

08.05.2025

4 мамырда доллар бағамы қандай болды?

04.05.2025

Мамыр айында ауа райы қандай болады

01.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

01.05.2025
MalimBlocks
13 мамырға арналған валюта бағамы

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

8 мамырдағы теңге бағамы

4 мамырда доллар бағамы қандай болды?

Мамыр айында ауа райы қандай болады

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады