Бүгіннен бастап екі қалада субұрқақ іске қосылды

Алматы мен Астананың субұрқақтары күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді

Сабина Асқарқызы

  • 01.05.2025

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Астана мен Алматы қалаларында субұрқақтар маусымы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әдеттегідей, елордада дәл осы күні барлық субұрқақ іске қосылды. Астана әкімдігінің хабарлауынша, маусымға дайындық барысында жүйелер консервациядан шығарылып, техникалық жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде қала аумағында 50-ден астам субұрқақ жұмыс істеп тұр.

Маусымға дайындық кезінде барлық құрылғылар тазартылып, үздіксіз жұмыс істеуі үшін реттеу және тексеру шаралары атқарылды. Жоспарға сәйкес, жаз бойы субұрқақтар елордалықтар мен қонақтарға көрікті көрініс пен салқын самал сыйламақ.

Алматыда да 1 мамырдан бастап субұрқақтар маусымы ашылып, 56 субұрқақ жұмысын бастады. Оның ішінде 11-і – «құрғақ» фонтан саналады. Қаладағы субұрқақтар күн сайын таңғы 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Тек ауа температурасы +5°C-тан төмендесе ғана уақытша тоқтатылатын болады.

Фото: Pixabay 

Байланысты жаналықтар

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

02.05.2025

«Денеме сиқыр жасалды»: Жігер Ауыпбаев күтпеген мәлімдеме жасады

02.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

02.05.2025

«Мен бұны жай қалдырмаймын»: Нұрболхан Шарапов оқыс жағдайға тап болды

02.05.2025

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

01.05.2025
MalimBlocks
Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

«Денеме сиқыр жасалды»: Жігер Ауыпбаев күтпеген мәлімдеме жасады

Әнші сиқыр жасалғанын айтып берді

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

«Мен бұны жай қалдырмаймын»: Нұрболхан Шарапов оқыс жағдайға тап болды

Әзілкешке шабуыл жасалған болуы мүмкін

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

№ 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді