Дәретханада отырған қыздарды камераға түсірген Назарбаев университетінің студенті жазаланды

Сабина Асқарқызы

  • 28.02.2025

Назарбаев университетінде дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алған екінші курс студентіне жаза қолданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірақ көпшілік күткендей оқудан шығарылған жоқ. Тек айыппұлмен құтылды.

Оқу орнының баспасөз қызметі студенттің осы оқиғадан кейін кампустан шығарылғанын хабарлаған. Өз кезегінде Астана полиция департаменті қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартқанын хабарлады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша құқық бұзушыға 20 АЕК – 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Темірланның дәретханада видеоға түсірген студент туралы жазбасы төрт күн ішінде 3,7 мың лайк пен 187 пікір жинаған. Осыдан кейін оны тәртіптік тыңдауға шақырған.

 Белсенді бұл тыңдауды университет әкімшілігінің қысымы мен қорқыту әрекеті деп бағалады.

Мәселені жариялағаны үшін жазалау – ақылға қонымсыз. Егер біз бүгін үнсіз қалсақ, ертең бұл әрқайсымыздың басымызға түсуі мүмкін, – деді Темірлан.

Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі студентке қысым жасалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарған.

Сондай-ақ универститет тарапы әйелдердің әжетханасында видео түсірді делінген студент каспустан шығарылғанын хабарлады.

Кампустағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университет қатаң шаралар қабылдады. Видеожазбаға қатысы бар студент кампустан шығарылды. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғау үшін барлық қажетті шаралар жүзеге асырылды- делінген университет хабарламасында.

Фото nu.edu.kz

Байланысты жаналықтар

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

04.04.2025

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

02.04.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

28.03.2025

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

24.02.2025

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

03.02.2025
MalimBlocks
Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте Үндістаннан келген студент өлі табылды

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

АҚШ антиизраильдік акцияларға қатысқан 300 студенттің визасын жойды

73 миллиард: Назарбаев университетінде не болып жатыр?

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

Оның айтуынша, түркиялық қазақ бауырлар жағдайды әлеуметтік желіде таратқаннан кейін ғана кері байланысқа шыққан.