457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабаолайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр болжанып отыр.

Кезеңнің соңына қарай республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашынның уақытша тоқтауы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда – тұман болжанады.

Батыста қатты ыстық 35-38 градус күтіледі, 24-25 тамызда солтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус болады.

«Көптеген облыста ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін, оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.

Фото: istockphoto.com