Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Қазақстандағы ажырасу деңгейінің жоғары екеніне алаңдап, бұл мәселені шешу үшін салықтық және заңнамалық шаралар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталып отыр. Осыған байланысты ол сот арқылы некені бұзу процесін қиындастыруды және қаржылық шектеулер енгізуді қолдайды.
«Ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптылардан сотқа арыз қабылданбас бұрын арнайы мемлекеттік баж немесе жарна алу қажет. Бұл төлемнің көлемі едәуір жоғары болуы тиіс», — деді депутат.
Сонымен қатар Ардақ Назаров ресми түрде ажырасқан азаматтарға қатысты табыс салығын кезең-кезеңімен көбейтуді де ұсынды.
Бұл бастама қоғамда түрлі пікір тудырды. Бірі отбасылық институтты қорғауға бағытталған дұрыс қадам деп санаса, енді бірі жеке таңдау мен құқықты шектеу деп қабылдады.
Айта кетейік, депутат бұған дейін де отбасы құндылықтарын насихаттайтын ұсыныстарымен көзге түскен.
Фото: pixabay.com