457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қайырымдылық қорлар туралы заң қайта қаралуы мүмкін

2025 жылғы 24 шілдеде өткен үкіметтегі баспасөз конференциясында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қайырымдылық қызметті реттейтін заңнаманы қайта қарау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) саласына, әсіресе заңнама тұрғысынан, түзетулер енгізу қажет.

«Бұл тек лицензиялау мәселесіне ғана емес, түрлі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру мәселелеріне де байланысты. Соңғы сот ісін бәріңіз көрдіңіздер деп ойлаймын», – деді ол.

Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта министрлік жанынан жұмыс тобы құрылып, заңға жаңа түзетулер әзірленіп жатыр.

«Биылғы жыл ішінде түзетулерді толық пысықтап, 2026 жылдың басында қарауға енгізу жоспарланып отыр. Ең алдымен, коммерциялық емес ұйым мен үкіметтік емес ұйым ұғымдарының ара-жігін ажыратып, олардың немен айналысуына болады, ал не нәрсе міндетті түрде лицензиялануы тиіс екенін нақтылау керек. Екіншіден, мұндай ұйымдардың басшыларын қоғам алдында есеп беруге міндеттеу, олардың табысы мен шығысының ашықтығы сынды мәселелерді де айқындау қажет. Бұлар – біз нақтылап жазуымыз керек негізгі ұғымдар», – деп атап өтті вице-министр.

Фото: freepick