Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Арман Қайыпхан

  • 16.04.2025

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров неге кейде орыс тілінде сөйлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл – банктер мен кейбір мемлекеттік органдардың өкілдеріне өз ойын дұрыс жеткізу үшін қажет.

«Егер мен орыс тілінде сөйлейтін ортада болсам, орысша сөйлеймін. Мысалы, банктерде қызметкерлердің көбі осы тілді қолданады, себебі көптеген терминдер де орысша. Олар жұмыс топтарының отырысына келгенде, біз орысша сөйлесеміз – түсінікті болу үшін», – деді Қожаназаров Мәжіліс кулуарында.

Ол сөзін жалғастырып, баяндамаларының 90 пайызын қазақ тілінде жазатынын, алайда қажет болған жағдайда орыс тіліне көшетінін айтты – әсіресе, дұрыс түсінілу маңызды болғанда.

«Халқымыз бізді қазақша да түсінеді, ал сын айтып жүрген ведомстволар түсінбеуі мүмкін», – деп түсіндірді депутат.

Фото: «Respublika» партиясы

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды