Депутат жұмыс уақытын таңғы 7:00-ден бастауды ұсынды

Malim.kz, Астана. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралиннің айтуы бойынша, Астана және басқа ірі қалалардағы жолдар жүріс-тұрысқа қазірдің өзінде қиындық тудырып отыр.
Депутат бұл мәселенің шешімдерінің бірі ретінде жұмыс уақытын таңғы 7:00-ге жылжытуды ұсынды. Премьер-министрге жолдаған сауалында депутат бірқатар статистикалық мәліметтер келтірді. Мысалы, қазірдің өзінде Астана қаласында күніне 500 мың автокөлік жолға шығады. Ал жақын арада қала тұрғындарының саны 2 млн-ға жетеді. Тұрғындардың 50% шамасы меморгандарда жұмыс істейді, ал ондай нысандардың көбі қаланың орталығында шоғырланған. Бұған қоса, депутат дәйек ретінде зерттеу қорытындысын келтірді. Оның айтуынша, таңғы уақытта еңбек өнімділігі анағұрлым жоғары. Ал шетелдік тәжірибе мұндай шараның нақты пайдасын көрсеткен. Жұмыстың басталу уақытын сағат 9:00-ден - 7:00 немесе 8:00-ге осы мәселеге сай жауап болар еді дейді Асылбек Нұралин.

Ең көп оқылған
