"Дубай шоколадын" сатамын деп жұртты алдаған алаяқ сотталды

Арман Қайыпхан

  • 13.02.2025

Тергеу мәліметінше, А. есімді азамат "Олх" сайтында "Дубай шоколадын" жеткізу және сату туралы хабарландыру жариялап, WhatsApp арқылы тапсырыс қабылдаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алайда, нақты тауар жеткізу мүмкіндігі болмаса да, алдын ала төлемді өз шотына аудартқан. Жәбірленушілер ақша жібергеннен кейін, олардың телефон нөмірлерін бұғаттап отырған. Осылайша, 9 адамға жалпы 176 300 теңге залал келтірілген.

  Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

  Сот оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

  Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір Дубай шоколады мен Шайн мускат жүзімі әлеуметтік желілерде танымалдыққа ие. Көпшілік импорттық өнімдерді видеоға түсіріп, талқылауға әуес.

Фото: Folwwow

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты