«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

«Eastiler» атауы бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар»

Мадина Қайнарова

  • 16.09.2024

Өскеменде жастардан құрылған ұлттық-патриоттық ұйым жұмыс істеп жатыр. Мақсаттары биік, жұмыстары қоғам, ел үшін пайдалы істерге бағытталған.

 «Eastiler»  ұлттық-патриоттық ұйымын 2023 жылдың қазан айында қоғам белсендісі Аян Қалымбек құрған. Ұйымның мақсаты - күнделікті өмірде қазақша стильде киініп жүру және соны елге насихаттау, ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, атауларды қазақшалау, қате жазуларды түзету, қоғамдық орындарда заманауи, креативті, танымдық, мәдени іс-шаралар өткізу. Сондай-ақ қатарларына қосылуға ниетті жастар санын көбейту.

- Ұлттық-патриоттық ұйым менің жетекшілігіммен құрылды. Шығыста, Өскеменде патриот, ұлтшыл, отаншыл жандардың үлкен армиясын қалыптастыру – студент кезден бергі арманым еді, - дейді Аян.

«Eastiler» атауының өзі де ерекше әрі креативті. Атау бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар».

Қазір бұл ұйым  – ресми тіркелген қоғамдық бірлестік, сондай-ақ бүкіл Шығыс Қазақстан облысындағы әр саладағы жан-жақты мықты жастардың ортасына айналған тұңғыш әрі жалғыз ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ұйым.

Биыл қаңтар айынан бастап ұйымның ішінен құрылған «Kitappen ÓskemMen» оқырман клубы жұмыс істеп келеді.

- Клуб мүшелері бір айға бір автордың шығармасын таңдап оқып, ай соңында бас қосып, талқылайды. Сондай-ақ оқылған кітап бойынша куиз түрінде тест орындайды. Жеңімпаз адам келесі айдың кітабын сыйлыққа алады және сол кітап бойынша  тест құрастырады. Ай сайын әртүрлі автордың түрлі көлемдегі, яғни әңгіме, хикаят, повесть, роман секілді шығармалары таңдап алынады, - дейді Аян Қалымбек.  

Одан бөлек ұйымда «Kino kor» киноклубы да бар. Онда ай сайын бір кинотуынды (деректі фильм, отандық кино, заманауи шетел фильмдері) көріп, талқылайды.

«Eastiler»  ұйымының қолға алған тағы бір патриоттық маңызды шарасы - Etno Quiz зияткерлік жарысы. Оны 2023 жылдың желтоқсаннан бері тұрақты түрде өткізіп келеді.

- Қазақша куиз елімізде дәл осы Өскемен қаласында «Bizdin Oskemen» деген атпен басталған болатын. Демек қазақ куизінің түр-түрі шығуы заңды да. Etno Quiz - білімділер мен алғырлар, тапқырлар сайысы, республика көлемінде баламасы жоқ бірегей жоба, - дейді ұйымның жетекшісі.

Ай сайын ұйым өзінің жоспарын құрып отырады. Алға қойған міндеттері орындалып келеді. Жастар арасында мәдениет, зияткерлікті дамытудан бөлек әлеуметтік салаға да, туризмге де бағытталған шараларды атқарады. Мысалы, вандализммен күрес, сенбіліктер өткізу, шығыстың тарихи һәм сұлу жеріне саяхаттау, ішкі туризмді дамыту.

Айтпақшы, ұйым ішінде орындалуға тиіс қағидаттары мен ережелері бар.

- Топ мүшелерінің арасында, жалпы жұмысында агрессияға, негативке жол бермейді. Саясатқа, дінге араласпайды. «Ұлтшылмыз»  деп ешкім ешқайда жар салмайды. Сөзден гөрі іспен талай нәрсе атқарады, - дейді Аян.

Фото: Eastiler ұйымы архивінен

Байланысты жаналықтар

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

17.09.2024

Марқакөлде дәрігер тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

06.09.2024

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

04.09.2024

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

04.09.2024

Денсаулық пойызы Шығыс Қазақстанға ат басын тіреді

04.09.2024

Өскеменде қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды

01.09.2024
MalimBlocks
Өскеменде жаңа мешіт ашылады

Ашылу салтанаты қыркүйектің 27-не жоспарланған

Марқакөлде дәрігер тапшылығын жою мәселесі қолға алынды

Халық үшін ең маңызды сала – денсаулық сақтау саласы

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда

Денсаулық пойызы Шығыс Қазақстанға ат басын тіреді

Биыл мамандандырылған диагностикалық құралдар қатарына маммография аппараты қосылып отыр

Өскеменде қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды

1 қыркүйек – Білім күні Өскемендегі Нұрлы жол шағын ауданында ірге көтерген жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды.