Елімізде көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл жоқ – вице-министр

ІІМ басшысының орынбасары мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Сабина Асқарқызы

  • 03.02.2025

Мәжіліс депутаттары көлікті бес минуттан артық қыздыруға айыппұл салынатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көлікті бес минутта толық жылыту мүмкін емес. Егер жүргізушілер суық көлікпен жолға шықса, бұл көліктің бұзылуына әкелуі мүмкін, ал жөндеу қосымша қаржылық жүктеме болмақ.

Өз кезегінде ішкі істер вице-министрі Игорь Лепёха жол қозғалысы туралы заңдағы «бес минут» нормасы тек «тоқтау» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшін енгізілгенін түсіндірді.

Көлікті жылыту туралы заңда бес минуттық шектеу көрсетілмеген. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған жағдайда ғана елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тоқтауына тыйым салынады. Бұл норма бойынша жауапкершілікке тек тұрғындардың шағымы негізінде тартылады. Өткен жылы мұндай үш жағдай тіркелді, оның біреуін прокуратура жойды. Демек, біз қозғалтқышты жылыту үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз. Бұл – қолдан жасалған мәселе, деп сендірді вице-министр.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

28.03.2024

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылады

MalimBlocks
«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін еліміздегі адам көп жиналатын орындар жоспарлы түрде тексерулерден өтетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылады

Интернет және онлайн платформалар арқылы жалған ақпарат немесе жарнама таратқандар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамауға алынады.