Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылады

Интернет және онлайн платформалар арқылы жалған ақпарат немесе жарнама таратқандар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Мәжіліс отырысы барысында Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған норма Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

«Әкімшілік кодексте жаңа бап енгізілді. Ол онлайн-платформалар құралдары арқылы жалған ақпараттарды тарату бойынша жауапкершілікті көздейді. Бүгінгі таңда өте көп жалған ақпараттар таралып жатқанын білеміз», - деді Игорь Лепеха эфир кезінде.

Сондай-ақ министрдің орынбасары WhatsApp желісі де онлайн-платформаға жататынын айтты.

Оның айтуынша, енді жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК-ке дейін (шамамен 60 мың) айыппұл қарастырылады. Егер бір жыл ішінде азамат жалған ақпарат тарату фактісіне қайта жол берсе, онда ол 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Материалдарды ішкі істер органдары орындайды, бірақ шешімді сот шығарады.

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды