457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

4 күн интернет болмайды. Жұрт оны түрліге жорып жатыр.

IMAGE: ©pravda.ru (Creative Common лицензиясымен)

АиФ-Камчатка басылымы Ресейдің Камчатка түбегінде қыркүйектің 25-інен 29-ына дейін интернет болмайтыны туралы жазған.

Өңірдің үкіметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұл келеңсіздік теңіз арқылы оптикалық талшық желісін жөндеу жұмыстарына байланысты. Охота теңізінің табанымен жүргізілген желі эрозияға ұшырап, байланыс сапасына теріс әсер етеді екен.

Жергілікті билік интернеттің болмауы қала тынысын әлсіретпейді дейді. Мысалы, банк, азық-түлік дүкендері, арнайы органдар мен басқа да маңызды нысандар интернетке жерсерік арқылы жалғана тұрады. Бұған қоса, жергілікті ірі кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Соңғы кездері Ресейді Қытайдың үлгісіндегі интернетті шектейтін "ұлы файрвол" орнатпақ деген тұспалдар айтылып жүр. Сондықтан, көптеген ресейлік азамат аталған аймақтағы интернетті уақытша ағытуды халықтың реакциясын бажайлау әдісі деп бағалап отыр.