Жыл басынан бері 23 мың адам интернет алаяқтарға алданып қалды

Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде 64 529 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға (4 463 дерекке) аз, деп хабарлайды Malim.kz.
Барлық құқық бұзушылықтың 80%-ы нақты қылмыстарға тиесілі. 6 айда 52 117 қылмыс тіркелген, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 6 880-ге аз және 11,7%-дық төмендеуді көрсетеді.
Алаяқтық істерінің жалпы саны – 22 812. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға ғана көбейген (168 жағдайға артық).
Бірақ интернет алаяқтық 24,7%-ға өсіп, 12 390 жағдайға жетті. 2024 жылы 9 936 болған. Алаяқтар:
жалған сайттар,
фишингтік қоңыраулар,
жалған чат-боттар мен жеткізу сервистерін,
тіпті жалған банк шоттарын да пайдаланып отыр.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
