Елімізде тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

Сұлу Бөлек

  • 25.05.2025

Қазақстанда қазақ ымдау тілі мен дактиль әліпбиін – қол мен саусақтардың қимылы арқылы әріптер мен сөздерді жеткізу жүйесін – әзірлеу жұмысы басталды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіен сілтеме жасап. 

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев депутаттық сауалға берген ресми жауабында мәлімдеді. Оның айтуынша, толыққанды ұлттық ымдау тілін қалыптастыру – есту қабілеті шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ.

Қазір елімізде ресми түрде танылған қазақ ымдау тілі жоқ. Бұл жағдай естімейтін және нашар еститін азаматтардың білімге, әлеуметтік қызметтерге және қоғам өміріне толыққанды араласуына едәуір кедергі келтіріп отыр.

"Қазақ ымдау тілін әзірлеу барысында халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Ұлыбритания, Исландия, Аустралия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Испания, Швеция және Оңтүстік Африка секілді елдерде ымдау тілі ресми түрде танылған және кеңінен қолданылады. Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің көмегімен үздік тәжірибелер зерттеліп, олар ұлттық ерекшеліктерімізге бейімделетін болады", – деді Көшербаев.

Жоба аясында дактиль әліпбиін әзірлеу, ымдаудың сөздігін құрастыру, сондай-ақ ымдау тілі аудармашыларын даярлайтын білім беру бағдарламаларын іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар, мектептер мен әлеуметтік мекемелерде қолдануға арналған арнайы оқулықтар мен әдістемелік құралдар әзірленеді.

Айта кетсек, қазақ дактиль әліпбиі алғаш рет 1998 жылы жарық көрді және ол білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрліктері бекіткен есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердің даярлық сыныптарына арналған "Әліппе" оқулығында қолданылды.

Фото: faktodrom.com

Байланысты жаналықтар

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

19.04.2025

Астанада былтыр 6700-ден астам жарнама алынып тасталған

20.01.2025

Оқушылар өлең оқудан жарысты

09.09.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады

05.09.2024
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат

Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.

Астанада былтыр 6700-ден астам жарнама алынып тасталған

Бұл «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарға сәйкестендіру үшін жасалған

Оқушылар өлең оқудан жарысты

Шара Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Асқар Ақаев экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады

Ол 2005 жылы «тұңғыш президент» мәртебесінен, 2010 жылы «экс-президент» мәртебесінен айырылған