Астанада былтыр 6700-ден астам жарнама алынып тасталған

Бұл «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарға сәйкестендіру үшін жасалған

Мәди Саматұлы

  • 20.01.2025

Астанада былтыр ғимараттардың қасбеттерінен 6700-ден астам жарнама элементі алынып тасталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының жазуынша, 2024 жылы 1315-тен астам ғимарат пен құрылыстың қасбетіне визуалды тексеру жүргізіліп, 7400-ден астам кәсіпкерлік субъектісіне ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулет-көркемдік жобалау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілген.

Елорданың біртұтас сәулеттік-көркемдік келбетінің талаптарына сай келмейтін 6700-ден астам заңсыз орналастырылған сыртқы жарнама элементі мен маңдайшалар жойылған.

Айта кетейік, бұл шаралар Астанада қаланың сыртқы келбетін «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тіл туралы» заңдардың талаптарына сәйкестендіру үшін атқарылып жатыр.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды