Оқушылар өлең оқудан жарысты
Шара Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған

Алматының Алмалы кітапханасында «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті. Оған қатысқан еліміздегі әртүрлі этнос жастары қазақ ақындарының көркем шығармаларын жатқа оқыды. Сондай-ақ мақал-мәтел айтып, сайысқа түсті.
Іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырды. Байқауға қала мектептерінен 20 оқушы қатысты. Олардың барлығы – әртүрлі этнос өкілдері.
Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар шығармашылығы мен шеберлігін көрсете отырып, өзін-өзі таныстырса, екінші кезеңде қазақ ақындарының көркем шығармаларын жатқа оқыды. Үшінші - «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» кезіңінде тіл, ғылым және білім тақырыптарында мақал-мәтел айтып жарысты.
Үш турдың қорытындысы бойынша Дамир Таиров 1-орын алды. Екінші орынды Сабина Лизина мен Дильнура Дуганова бөлісті. Үшінші орынға – Зейнеп Алтыбаева, Али Паначев, Вани Рухсара Ащик шықты.
Айта кетсек, елімізде бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің мақсаты – азаматтардың бойында ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру, оны құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен бірге, басқа халықтардың тілдері туралы білімдерін кеңейту.
Фото: assembly.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат
Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 12-ші хат
Күнi eртeң oлар мұнай, алтын, фoсфoр, мыс сeкiлдi сапасы да, бағасы да жoғары өнiмдeрдi жанын салып өндiрe бастаған сoң (oларға жeңiлдiк мoл) шаш-eтeктeн байлыққа батады. Eртeң oл кeн oрындарының қазынасын түгeл қoпарып, суалған сиыр сeкiлдi қаңыратып кeтпeсe бoлды.